Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осы жылдың соңына дейін Ақтаудағы "Жылы жағажай" ауданындағы жобаларды іске асыруды аяқтап, "Кендірлі" курорттық аймағының дамуын жылдамдатуды тапсырды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Мемлекет басшысы 13 маусым күні өткен туризмді дамыту жөніндегі кеңесінде туризм әлемдік экономиканың қарқынды дамуына ықпал етіп отырған әрі инвесторлар үшін тартымды сала екенін айтты.